Жеке мәліметтердің құпиялылығы саясаты

Жеке мәліметтердің құпиялылығы саясаты (ары қарай— Саясат) ТОО «НҰР АЛИ» және/немесе оның аффиллирленген тұлғалары, ТОО «НҰР АЛИ» тобына кіретін барлық тұлғалар, Пайдаланушы кез-келген сайт, сервис, қызмет, бағдарламалар, өнімдер немесе ТОО «НҰР АЛИ» қызметін падалануы кезінде және ТОО «НҰР АЛИ»-ның Пайдаланушымен арада жасалған кез-келген келісім мен шарттардың орындалуы кезінде ол туралы алынатын барлық ақпаратқа қатысты әрекет етеді. Пайдаланушының аталған тұлғалардың бірімен қарым-қатынас аясында Саясатқа берілген келісімі қалған барлық тұлғаларға да қатысты әрекет етеді. ТОО «НҰР АЛИ»-нің сайты, сервисі, қызметі, бағдарламалары, өнімдері немесе тауарының кез-келгенін пайдалану және ТОО «НҰР АЛИ»-імен жасалған кез-келген келісім мен шартты орындау Пайдаланушының аталған Саясатпен және онда көрсетілген оның жеке мәліметтерін өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетінін білдіреді; бұл шарттармен келіспейтін жағдайда Пайдаланушы пайдаланудан бас тартуы қажет.

1. ТЕРМИНДЕР АНЫҚТАМАСЫ

1.1. Аталған құпиялылық Саясатында келесі терминдер қолданылады:

1.1.1. ТОО «НҰР АЛИ» сайтының Әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері парақшаларының операторлары және Jivosite платформасының операторлары (ары қарай – сайт Әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері парақшаларының операторлары және Jivosite платформасының операторлары)» – ТОО «НҰР АЛИ» атынан әрекет ететін уәкілетті қызметкерлер, жеке мәліметтерді өңдеуді ұйымдастырады және (немесе) іске асырады, сондай-ақ, жеке мәліметтерді өңдеу мақсаттарын, өңдеуге жататын жеке мәліметтердің құрамын, жеке мәліметтерге қатысты әрекеттерді (операцияларды) анықтайды.

1.1.2. Сайт – «nur-ali.kz» сайты мен оның еншілес домендері.

1.1.3. «Жеке мәліметтер» — жекелеген немесе солардың негізінде субъектіге электронды, қағаз және (немесе) басқа да материалды тасымалдаушыда бекітілген жеке мәліметтер арқылы айқындалған мағлұматтар.

1.1.4. «Жеке мәліметтерді өңдеу » — автоматтандыру құралдарын пайдалану немесе жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, жол ашу), даралығын жою, бұғаттау, өшіру, жеке мәліметтерді жоюды қоса алғанда мұндай құралдарды пайдаланбай іске асырылатын кез-келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттер жиынтығы (операциялар).

1.1.5. «Жеке мәліметтердің құпиялылығы» — сайт Әкімшілігінің немесе жеке мәліметтерді алу құқы бар басқа да тұлғаның оларды жеке мәліметтер субъектісінің келісімінсіз немесе басқа да заңды негізсіз таратуға жол бермеуді сақтау міндеттелетін талап.

1.1.6. «Сайтты Пайдаланушы (ары қарай – Пайдаланушы)» – Интернет арқылы Сайтқа кіру құқы бар және nur-ali.kz ТОО «НҰР АЛИ» сайты, nur-ali.kz еншілес домендері мен ТОО «НҰР АЛИ» Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын пайдаланушы тұлға.

1.1.7. «Cookies» — тиісті сайттың парақшасын ашу кезінде веб-клиент немесе веб-браузер веб-серверге HTTP-сұратым жолдайын веб-сервер жолдаған және пайдаланушының компьютерінде сақтаулы тұрған мәліметтердің шағын фрагменті.

1.1.8. «IP-адрес» — IP хаттамасы бойынша жасалған компьютерлік желідегі тораптың бірегей желілік мекенжайы.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Пайданаланушының сайтты пайдалануы оның осы құпиялылық Саясатымен және Пайдаланушының жеке мәліметтерін өңдеу шарттарымен келісетіндігін білдіреді.

2.2. Құпиялылық Саясатымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы ТОО «НҰР АЛИ» сайтын, nur-ali.kz еншілес домендерін, сонымен қатар, аталған домендерде қолданылатын Jivosite платформасын, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріндегі ТОО «НҰР АЛИ» ресми парақшаларын пайдалануды тоқтатуы қажет.

2.3. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының ТОО «НҰР АЛИ» сайтында, nur-ali.kz еншілес домендерінде, Jivosite платформасында, ТОО «НҰР АЛИ» Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында берген жеке мәліметтерінің растығын тексермейді.

3. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТ МӘНІ

3.1.Осы құпиялылық Саясаты сайт Әкімшілігінің Пайдаланушы сайт Әкімшілігінің, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері парақшалары операторлары мен Jivosite платформасы операторларының сұратымы бойынша ұсынатын жеке мәліметтерді жарияламау және оның құпиялылығын қорғау режимін қамтамасыз ету міндеттемелерін айқындайды.

3.2. Осы құпиялылық Саясаты аясында өңдеуге рұқсат етілген жеке мәліметтерді Пайдаланушы сайттың Әкімшілігімен, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалар операторлары мен Jivosite платформасы операторларымен екі жақты хат жазбалары арқылы ұсынады.

3.3. Пайдаланушы сұратымын өңдеу үшін Сайт Әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері парақшаларының операторлары мен Jivosite платформасының операторлары келесі жеке мәліметтерді сұратуы мүмкін:

3.3.1. Пайдаланушының фамилиясын, атын, тегін;

3.3.2. Пайдаланушының байланыс телефонын;

3.3.3. Электронды пошта мекенжайын (e-mail);

3.3.4. Пайдаланушының тұратын жері.

3.4. Сайт Әкімшілігі жарнамалық блоктарды қарау процесі және жүйенің статистикалық скрипті («пиксель») орнатылған парақшаларға кіру кезінде автоматты түрде берілетін мәліметтерді қорғайды:

*IP мекенжай

*cookies ақпараты;

*браузер туралы мәлімет (немесе жарнаманы көрсетуге жол ашатын басқа да бағдарлама);

*кіру уақыты;

*жарнамалық блок орналастырылған парақшаның мекенжайы;

*реферер (алдыңғы парақшаның мекенжайы).

3.5. Сайт Әкімшілігі өз қараушыларының IP-мекенжайы туралы статистиканы жинайды. Бұл ақпарат техникалық мәселелерді анықтау мен шешу мақсатында қолданылады.

3.6. Жоғарыда аталмаған кез-келген басқа жеке мәлімет осы құпиялылық Саясатының 5.2. және 5.3. тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан тыс жағдайда сенімді сақталады және жарияланбайды.

4. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ

4.1. Сайт Әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінің операторлары мен Jivosite платформасы операторлары Пайдаланушының жеке мәліметтерін мына мақсаттарға пайдалануы мүмкін:

4.1.2 Пайдаланушымен кері байланыс орнату, Сайтты, nur-ali.kz еншілес домендерін, осы доменде пайдаланылатын Jivosite платформасын, ТОО «НҰР АЛИ» Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларын пайдалануға қатысты хабарламалар, сұратымдар жолдау.

4.1.3. Пайдаланушыға Сайтты, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері мен Jivosite платформасын пайдалануға қатысты мәселелер пайда болған жағдайда тиімді клиенттік және техникалық қолдау жасау.

4.1.4. Пайдаланушыға телефон қоңыраулары, смс хабарлама, e-mail арқылы хабарлама жөнелту, мессенджер арқылы хабарлама жолдау көмегімен ТОО «НҰР АЛИ» атынан арнайы ұсыныстар, бағалар туралы ақпарат, жаңалықтар сілтемелері мен басқа да хабарларды ұсыну.

4.1.5. Жарнама қызметін жүзеге асыру.

5. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН МЕРЗІМІ

5.1. Пайдаланушының жеке мәліметтерін өңдеу шексіз мерзімде, кез-келген заң жүзінде, оның ішінде автоматтандыру құралдарын қолданып немесе қолданбай жеке мәліметтердің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады,.

5.2. Пайдаланушы сайт Әкімшілігінің, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері операторлары мен Jivosite платформасы операторларының жеке мәліметтерді үшінші тұлғаға, атап айтқанда, sms және e-mail-жіберілімді іске асыратын сервистерге және ТОО «НҰР АЛИ» тұрғын үй кешендерінің сервис қызметтеріне беруге құқылы екендігімен келіседі.

5.3. Пайдаланушының жеке мәліметтері негіздеме бойынша және Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарына берілуі мүмкін.

5.4. Сайт әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері парақшаларының операторлары мен Jivosite платформасының операторлары Пайдаланушының жеке ақпараттарына заңсыз және кездейсоқ кіруіне, оны жоюға, өзгертуге, бұғаттауға, көшірмесін жасауға, таратуға, сонымен қатар, үшінші тұлғаның басқа да заңға қайшы әрекеттерінен қорғауға қатысты қажетті ұйымдастыру және техникалық шараларды қолға алады.

6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

6.1. Пайданушы міндетті:

6.1.1. Сайтты, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері мен Jivosite платформасының операторларын пайдалануға қажетті жеке мәліметтер туралы ақпарат беруге.

6.1.2. Жеке мәліметтер туралы ұсынылған ақпарат өзгерген жағдайда оны жаңартуға, толықтыруға.

6.2. Сайт әкімшілігі міндетті:

6.2.1. Алынған ақпаратты тек осы құпиялылық Саясатының 4 тармағында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға.

6.2.2. Құпия ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етуге, Пайдаланушының алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға, сондай-ақ, сатпауға, алмастырмауға, жарияламауға, немесе осы Құпиялылық Саясатының 5.2. және 5.3. тармақшаларынан бөлек берілген Пайдаланушының жеке мәліметтері арқылы жариялауға.

6.2.3. Пайдаланушының жеке мәліметтерінің құпиялылығын қазіргі қолданыстағы іскерлік айналымдағы осы тектес ақпаратты қорғауда қолданылатын ережеге сай сақтық шараларын қолға алуға.

6.2.4. Жалған жеке мәліметтер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда тексеру уақытында Пайдаланушы немесе оның заңды өкілі я болмаса жеке мәліметтер субъектілері құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдар жүгінген сәттен бастап Пайдаланушыға қатысты жеке мәліметтерді бұғаттауға.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Құпия ақпарат жоғалған немесе жария болған жағдайда Сайт әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері операторлары мен Jivosite платформасы операторларына жауапкершілік артылмайды, егер аталған құпия ақпарат:

7.1.1. Ол жоғалғанға немесе жария болғанға дейін қоғамға мәлім болса.

7.1.1. Сайт әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері операторлары мен Jivosite платформасы операторлары алғанға дейін үшінші тараптан алынған болса.

7.2.3. Пайдаланушының келісімімен жарияланған болса.

8. ДАУЛАРДЫҢ ШЕШІЛУІ

8.1. Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері операторлары мен Jivosite платформасы операторлары арасындағы дау бойынша сотқа жүгінгенге дейін наразылық (дауды ерікті түрде реттеу жөніндегі жазбаша ұсыныс) білдірілуі міндетті.

8.2 .Наразылық алушы талап алғаннан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шағым түсірушіге наразылықты қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарлайды.

8.3. Келісімге келмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес сот органының қарауына беріледі.

8.4. Осы құпиялылық Саясаты мен Сайт әкімшілігі, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері операторлары мен Jivosite платформасы операторлары арасындағы қарым-қатынасқа Қазақстан Респуликасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

9. ҚОСЫМША ШАРТТАР

9.1. Сайт әкімшілігі осы құпиялылық Саясатына Пайдаланушының келісімінсіз өзгертулер енгізуге құқылы.

9.2. Жаңа құпиялылық Саясаты құпиялылық Саясатының жаңа редакциясында басқа жағдай қарастырылмаған болса nur-ali.kz Сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

9.3. Осы құпиялылық Саясаты бойынша барлық ұсыныстар мен сауалдарды nur-ali.kz сайтында көрсетілген Байланыс бөлімі арқылы хабарлаған жөн. 9.4. Қолданыстағы құпиялылық Саясаты https://nur-ali.kz/zheke-sayasaty/ мекенжайы бойынша парақшада орналастырылған.